22.12.2022, 10:57 25776

Қарағандыда ЖЭО-1 маңында ірі апат болды

Қарағандыда ЖЭО-1 маңында ірі апат болды
Сурет: Instagram/vk_gazeta
Жүк көлігі диаметрі 1000 мм құрайтын порталға соғылған

Қарағанды. 22 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - БАҚ Қарағандыдағы ЖЭО-1 маңында болған ірі апат туралы хабарлайды.

Қарағандыда бірнеше көшеде жылу беру азайтылды. Қала шетіндегі жылу желісіне КАМАЗ жүк көлігі соқтығысып, құбырлар зақымданған.

Апат таңғы сағат 5.30-да Қарағанды қаласында Гоголь көшесі мен Спасск тасжолының қиылысында болған.

Белгілі болғандай, кузовы көтерілген КАМАЗ компенсатормен соқтығысқан.

Салдарынан қаланың бірнеше көшесінде жылу беру азайтылды.

 "Теплотранзит" ЖШС бригадасы шұғыл түрде 1000 мм диаметрлі құбыржолынан ақау тапқан.

Бұл ақауды жою үшін қалада бірнеше көшенің үйлері төмендетілген жылу беру режиміне ауыстырылады.

ПИК және ЖС жеке секторының тұтынушылары, сондай-ақ жылумен жабдықтаудың нашарлау аймағына түсетін тұрғын үйлердің жылу шаруашылығына жауапты адамдар жеткізуші жылу желілерінің, үйішілік жылу желілерінің жай-күйін қадағалап, диспетчерлік жөндеу қызметінің өкілімен тұрақты байланыста болуы қажет. Телефон: 56-51-05, олардың ұсыным-нұсқауларын қатаң орындау керек", - деп хабарлады Қарағанды қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.


Бұған дейін Қостанайда жылу желісінің жарылысына байланысты 30 тұрғын үй жылусыз қалды.

Қараша айының соңында Екібастұз ЖЭО-дағы апат қала тұрғындарын 30 градус аязда жылусыз қалдырды. 130 тұрғын үй, сондай-ақ әлеуметтік нысандар: мектептер, балабақшалар мен ауруханалар жылытудан ажыратылды. Қалада төтенше жағдай жарияланды.

Естеріңізге сала кетейік, еліміздегі жылу электр орталығының орташа пайдалану мерзімі - 61 жыл. Олардың шамамен 76%-ы 50 жылдан астам жұмыс істейді. Энергетика министрлігінің мәліметтері бойынша, жабдықтың тозуы, оның орташа көрсеткіші 66%-ды құрайды, бұл ретте Орал, Степногорск, Тараз, Қызылорда, Кентау қалаларында ЖЭО тозуы 80%-дан асады. Технологиялық бұзушылықтар саны, талдауға сәйкес 2021 жылдың қорытындысы бойынша электр станцияларында авариялық ажыратулар 2020 жылмен салыстырғанда 5%-ға өскені анықталды.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны