27.05.2021, 23:57 9661

Мектеп директоры оқушыға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін жасырғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. 27 МАМЫР - Қазіргі уақытта балаларға қатысты қылмыстар туралы дер кезінде хабарламаған педагогтар, тәрбиешілер және дәрігерлер бойынша 26 қылмыстық іс тергелуде. Бұл туралы ОКҚ брифингі барысында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 
Оның айтуынша, әрбір іс бойынша зорлаушының жауапкершілігімен қатар ата-аналары балаларын сеніп тапсырған ересектердің кінәсінің дәрежесі анықталады.
 

Қазіргі уақытта балаларға қатысты қылмыстар туралы дер кезінде хабарламаған педагогтар, тәрбиешілер және дәрігерлер бойынша 26 қылмыстық іс тергелуде. Мектеп директорына қатысты қылмыстық іс соттың қарауына жіберілді. Мұғалім 5-сынып оқушысын өгей әкесінің жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшыратқаны туралы ақпаратты жасырды деп айыпталуда. Ол 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", - деді спикер.

 
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы педофилдерден 800-ден астам бала зардап шекті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны