13.02.2023, 18:04 17876

Әскери қызметші Алматы - Петропавл пойызында зорлаудың алдын алды

Әскери қызметші Алматы - Петропавл пойызында зорлаудың алдын алды
Сурет: gov.kz
Қарағанды облысының 36 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматы. 13 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - 6637 әскери бөлімінің әскери қызметкері майор Еркін Жантұрин Алматы-Петропавл пойызында қызды зорлаудың алдын алды, деп хабарлайды ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі.
 

10 ақпанда сағат 18.00 шамасында "Алматы-Петропавл" бағыты бойынша жолаушылар пойызында кезекті іс-сапардан оралған майор Еркін Жантурин көршілес купеден көмекке шақырған қыздың айқайын естіді. Дыбыс шыққан купеге жақындағанда, біреудің купенің ішінде есікті әдейілеп жауып тұрғанын байқайды. Есікті күшпен ашса, ол бұрышта үрейленіп отырған қызды көреді. Ол қыз баланы қорлауға тырысқан. Офицер ер адамды ұстап алады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

 
Ал қыздың айтуы бойынша, онымен бірге бір купеде келе жатқан ер адам оған таныс емес екен. "Сарышаған" станциясындағы аялдамадан оны полиция қызметкерлеріне тапсырды.
 

Оқиға кешкі уақытта орын алды. Мейрамхана вагонынан кешкі ас ішкеннен кейін купеге келіп, тынығайын деп жатқаным сол еді, жас қыздың көмек сұрап, айқайлаған даусын естідім. Купеге кірген кезде ер кісінің қызды қорлауға тырысып жатқанын байқадым және оны дереу ұстадым", - деді майор Еркін Жантұрин.

 
Қарағанды облысының 36 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны