28.07.2022, 17:54 14071

ҚР-да 86 лауазымды тұлғаға қоқыс тастайтын жерлерді жою бойынша нашар жұмыс істегені үшін айыппұл салынды

ҚР-да 86 лауазымды тұлғаға қоқыс тастайтын жерлерді жою бойынша нашар жұмыс істегені үшін айыппұл салынды
Сурет: pixabay.com
НҰР-СҰЛТАН. 28 ШІЛДЕ - Қазақстанда қоқыс тастайтын жерлерді жою бойынша нашар жұмыс істегені үшін экология департаменттері 86 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартып, жалпы сомасы 7 млн теңгеден астам айыппұл салды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

ІІМ және әкімдіктермен бірлесіп бекітілген жоспарды орындау шеңберінде 2022 жылғы 2-3 шілдеде экология департаменттері рекреация орындарында рейдтік іс-шаралар өткізді", - деп хабарлады ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Ведомствоның мәліметінше, өндіріс қалдықтарымен жұмыс істеу бөлігінде халықпен профилактикалық және түсіндіру жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау туралы еске салатын жадынамалар таратылды.
 
Жыл басынан бері "Қазақстан Ғарыш Сапары" ғарыштық мониторингімен рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын 3 411 орын тіркеліп, оның ішінде 1243 орын жойылды.
 
Оларды жою жұмысында Қарағанды, Қызылорда облыстары және Шымкент қаласы белсенділік танытты.
 
ШҚО, Маңғыстау, Атырау және Жамбыл облыстарында бұл бағытта төмен жұмыс байқалады.
 

Жалпы республика бойынша тарату деңгейі 36%-ды құрады. Бұл бағыттағы жұмыс жандандырылатын болады", - деп қосты министрлікте.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны