01.12.2022, 10:49 13841

Жамбыл облысында 2021 жылы оқ-дәрі жарылған кезде жоғалып кеткен өрт сөндірушінің сүйегі табылды

Өрт сөндірушіні іздеу 2021 жылдың 26 тамызынан бастап жүргізілді
Жамбыл облысында 2021 жылы оқ-дәрі жарылған кезде жоғалып кеткен өрт сөндірушінің сүйегі табылды
Сурет: t.me/modgovkz
Тараз. 1 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Жамбыл облысындағы 28349 әскери бөлімі өрт сөндіру бөлімінің командирі кіші сержант Бауыржан Дәуітбаевтың сүйегінің қалдықтары табылып, анықталды. Іздеу жұмыстары Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймаларындағы өрт пен жарылыстардан кейін 2021 жылғы 26 тамыздан бастап жүргізілді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі.
 

Сүйек қалдықтарын бөлімнің әскери қызметшілері іздеу жұмыстары барысында тапты. Молекулярлық-генетикалық сараптама оның Бауыржан Дәуітбаевқа тиесілі екенін көрсетті", - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

 
Министрлікте, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, марқұмның отбасына жерлеу шығындары, атқаратын лауазымы бойынша бес жылдық ақшалай қаражат мөлшерінде біржолғы өтемақы төленетінін атап өтілді.
 
Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 26 тамызында сағат 19.00 шамасында Жамбыл облысының Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде инженерлік оқ-дәрілер қоймасында өрт шыққан. Өрт тез арада инженерлік оқ-дәрілер сақталған қоймаларға тарады. Өртті оқшаулау мүмкін болмады, ол басқа қоймаларға тарады. Өрт пен инженерлік оқ-дәрілердің 10-нан астам жарылысы болды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны