06.06.2022, 14:31 20051

Қазақстанда 2 айда 2,3 млрд теңгеге есірткі тәркіленді

Арнайы операциялар барысында есірткі құрылымының 15 қатысушы ұсталды.
НҰР-СҰЛТАН. 6 МАУСЫМ - 2022 жылғы сәуір мен мамыр айларында ғана Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің арнаулы қызметтерімен және құқық қорғау органдарымен бірлесіп, 30-дан аса есірткіге қарсы операция жүргізді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Есірткі трафигінің 9 халықаралық және 14 өңірлік арнасы жойылды. Синтетикалық есірткі өндіретін 8 ірі жасырын зертхананың жұмысы тоқтатылды", - делінген ведомство сайтында.

 
Арнайы операциялар барысында есірткі құрылымының 15 қатысушы ұсталды. 
 

Заңсыз айналымнан барлығы 223 кг есірткі, оның ішінде: 90 кг синтетикалық есірткі (270 мың "бір реттік мөлшерге" тең), 85.2 кг марихуана, 14 кг апиын, 4 кг гашиш алынды. Бұдан басқа, 800 экстази таблеткасы, 500 түп "голланд" марихуанасы және психотроптық заттарды дайындауға арналған 4 тонна химиялық реагенттер айналымнан шығарылды", - деп хабарлады ҰҚК.

 
2 ай ішінде алынған есірткінің "қара нарықтағы" жалпы сомасы 2.3 млрд. теңгеден астамға бағаланып отыр.
 
Халықаралық есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жалғасуда.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны