17.01.2022, 16:25 26211

Алматыда заңсыз акциялар мен тонаудың 2,6 мыңнан астам қатысушысы ұсталды

127 атыс қаруы мен 4 077 оқ-дәрі тәркіленді.
АЛМАТЫ. 17 ҚАҢТАР - Алматыда терроризмге қарсы операция басталғалы бері 2 601 адам ұсталды. Бұл туралы Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығы мәлім етті.
 
Комендатура мәліметінше, арнайы операция барысында Алматыда лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 2 601 қатысушысы ұсталды. 127 атыс қаруы мен 4 077 оқ-дәрі тәркіленді. 
 

Өткен тәулікте "102" пультіне 329 хабарлама келіп түсті. Комендатураның колл-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 48 дабыл қабылданды. Барлық хабарлама дер кезінде өңделді", - дейді Алматы қаласы комендатурасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

 
Сонымен қатар, ол тұрғындарды комендант сағатын бұзбауға шақырды.


Еске салайық: тәртіпсіздіктер кезінде қылмыстық топтар жеті қару-жарақ дүкенін тонады. 1 347 қару ұрланған.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны