21.07.2022, 16:13 14771

Теңізде 30-дан астам жұмысшы уланып қалды

Теңізде 30-дан астам жұмысшы уланып қалды
АТЫРАУ. 21 ШІЛДЕ - Атырау облысы Теңіз кенішінде жұмысшылар тамақтан уланды. 
 
Кен орнындағы "ISKER" мердігер мекемесінің 30-дан астам қызметкері кеше өздерін жайсыз сезініп, дәрігерлердің көмегіне жүгінген. 
 
Олардың тамақтан уланғаны анықталды. Жұмысшыларға тиісті медициналық көмек көрсетілген. Қазір жағдайы қалыпқа келген қызметкерлер жұмысқа қайта қосылды. Ал Жылыой аудандық орталық ауруханасында 11 жұмысшы ем қабылдап жатыр. Қазір санитарлық-эпидемиологиялық тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Барлық тамақтан сынама алынып, зертханаға тапсырылған.
 
Ақпарат көзі: 24.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны