19.11.2021, 20:48 72038

Алматы облысында боран соғып, 42 үй жарықсыз қалды

Алматы облысында боран соғып, 42 үй жарықсыз қалды
Сурет: ukrinform.ru
АЛМАТЫ. 19 ҚАРАША - Дүлей бораннан Алматы облысының Саты ауылындағы электр желілері бүлінді. 
 
 "Хабар 24" хабарлағандай, салдарынан трансформатор күйіп кетіп, 42 үйде электр тоғының қысқа тұйықталуы болған. Бұдан бөлек электр құрылғылары да істен шыққан. Қарашаның 17-сі күні түнде болған оқиғаға байланысты Кеген ауданында арнайы жұмыс тобы құрылды. Олар үзілген сымдарды жалғап, қалпына келтірген. Енді жарық беруші мекеме есебінен шығындарды өтеп беру жұмыстары жүргізіліп жатыр деп мәлімдеді әкімдік өкілдері.
 
Бұған дейін Қазақстанның оңтүстігін қарлы боран басып кеткені хабарланған болатын. Автожолдардың жекелеген учаскелерінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеулер енгізілді. Дауыл жел тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттардың шатырларын бұзып, газ құбырларын зақымдады. Қазіргі уақытта оларды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
 
Ақпарат көзі: 24.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны