23.08.2022, 17:48 18636

Қаңтар айындағы оқиғалар бойынша 4600-ден астам қылмыстық іс қозғалды - ІІМ

Қаңтар айындағы оқиғалар бойынша 4600-ден астам қылмыстық іс қозғалды - ІІМ
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 23 ТАМЫЗ - Тергеушілер қаңтардағы тәртіпсіздік фактілері бойынша 4642 қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады бүгін ОКҚ брифингінде Ішкі істер министрлігі Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Орталық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
 

Оның ішінде 2,5 мың - ұрлық, 710 - қару ұрлау немесе сақтау фактілері, 418 - бұзақылық фактілері, 199 - мүлікті жою фактілері, 26 - қарақшылық және тонау фактілері бойынша", - деп нақтылады Әділов.

 
Қазіргі уақытта 971 істің өндірісі аяқталды, оның ішінде 609 айыпталушыға қатысты іс соттарға жолданды.
 

Сот қарауларының нәтижелері бойынша 539 айыпталушыға үкім шықты, олардың 425-і бас бостандығын шектеуге және тек 104-і ғана ауыр және аса ауыр қылмыстар жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталды", - деді ведомство өкілі.

 
Тергеу нәтижесінде зардап шеккен азаматтарға 360 млн теңгеге жуық сомаға бағаланған залалды өтеу қамтамасыз етілді. 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны