20.01.2023, 14:10 30896

4 мыңнан астам алматылықтар қаржы пирамидаларының құрбаны болды

Бір қаржы ұйымына қатысты қылмыстық істі тергеу аясында, бірнеше жәбірленушінің арызы негізінде тіркелген істердің көп бөлігі бір өндіріске біріктіріледі
4 мыңнан астам алматылықтар қаржы пирамидаларының құрбаны болды
Сурет: Depositphotos
Алматы. 20 қаңтар. KAZAKHSTAN TODAY - Алматыда қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылар 4 мыңнан астам адамды алдап кеткен.
 
Алматы полициясының бастығы Арыстанғани Заппаровтың айтуынша, алаяқтықтың көп бөлігі қаржылық пирамидаларымен байланысты.
 

Бір қаржы ұйымына қатысты қылмыстық істі тергеу аясында, бірнеше жәбірленушінің арызы негізінде тіркелген істердің көп бөлігі бір өндіріске біріктіріледі. Мысалы, Mudarabah Capital-ға қатысты қылмыстық істің 179 эпизоды, "Оскар Медикал" бойынша 298 эпизод және "Qi Trade" 4 мыңнан астам жәбірленуші бір өндіріске біріктірілді. Бұл ретте интернеттегі алаяқтықтардың санын азайтуға мүмкіндік туды. Танымал тұтынушы интернет-платформаларының өкілдерімен жұмыс кездесулері, сондай-ақ БАҚ-та және әлеуметтік желілерде интернет-алаяқтықпен күресу туралы ақпараты бар мақалалар, бейнероликтер тұрақты жариялануының арқасында", - деді Арыстанғани Заппаров.

 
 "Кибернадзор" ақпараттық жүйесі арқылы заңсыз сайттарды анықтау үшін интернет кеңістігіне мониторинг жүргізу барысында елде 800-ден астам ресурс бұғатталған немесе шектелген. ПД-ның арнайы тергеу-жедел тобы IT-технологиялар саласындағы қылмыстарды ашу бойынша жұмысын жалғастырып жатыр.
 
Ақпарат көзі: Polisia.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны