07.07.2021, 23:46 10571

Алматы облысында әйел бала саудасы үшін 5 жылға сотталды

АЛМАТЫ. 7 ШІЛДЕ - Алматы облысында кәмелетке толмаған балаларды сатқаны үшін әйел сотталды, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Алматы облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 10.06.2021 жылғы үкімімен азаматша К.Б. кәмелетке толмағандар саудасы бойынша (ҚР ҚК 2,12 тармағы 2 бөлімі 135-бабы) 14 жасқа толғанға дейін жазасын кейінге қалдыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот актісі заңды күшіне енді. Аталған үкімді шығаруға Талғар ауданы прокуратурасының жас балаларды заңсыз беру және қорғаншылықты негізсіз ресімдеу фактісі бойынша тексеруі негіз болды", - деп хабарлады Алматы облысының прокуратурасында.

 
Тергеу барысында ҚК азаматшасы өз кінәсін толық мойындады, кінәні мойындау туралы мәміле нысанында процестік келісім жасасу туралы өтінішхатты мәлімдеді. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны