14.03.2021, 15:27 7484

Алматы маңында ұшақ апатынан төрт адам қайтыс болды

Алматы. 14 наурыз. Kazakhstan Today - Алматыда ұшақ апатынан төрт адам қаза тапты, тағы екеуі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2021 жылдың 13 наурызда сағат 17.25-те Алматы әуежайының диспетчерлік қызметінен сағат 17.22-де Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында ұшқан АН-26 әскери ұшағы радардан жоғалып, авариялық жағдайда Алматы әуежайына қонғаны туралы ақпарат түсті. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің жедел жәрдем қызметінің 10 реанимациялық тобы да сол жерде жұмыс істеп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, 4 адам қайтыс болды, жарақат алған 2 адам Алматы қалалық № 4 клиникалық ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінде.

 
Оқиға орнына 11-өрт сөндіру бөлімінен(1, 2); Республикалық жедел-құтқару жасағынан 9 адам, 1 бірлік техника, 1 кинологиялық есеп; Алматы қаласының Құтқару қызметінен 5 адам мен 1 бірлік техника барды. Іздестіру және авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету қызметінен 4 бірлік техника, Алматы облысы ТЖД "ӨС және АҚЖҚ" ММ 2 бірлік техника оқиға орнында жұмыс жасауда. Ұшақта шыққан жану сөндірілді.
 
Оқиға орнына ҚР ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің күштері мен құралдары қосымша жіберілді.

Бұған дейін Алматы маңында ҰҚК-нің АН-26 әскери ұшағы құлады деп хабарланған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны