15.04.2021, 20:27 13576

Балқаш ауданында шаруа қожалықтары мен демалыс базалары өртеніп жатыр

15 сәуір күні сағат 09.45-те Алматы облысы Балқаш ауданының Жиделі ауылдық округінен жиырма бес шақырым жерде құрғақ шөп пен қамыс өртенді.
ТАЛДЫҚОРҒАН. 15 СӘУІР - 15 сәуір күні сағат 09.45-те Алматы облысы Балқаш ауданының Жиделі ауылдық округінен жиырма бес шақырым жерде құрғақ шөп пен қамыс өртенді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Өрт шаруа қожалықтарының аумақтарына және жеке демалыс базаларының жерлеріне таралды. Өрт орнына жедел түрде Балқаш ауданы Қапшағай қаласы мен Бақанас ауылының өрт сөндіру бөлімдерінен 18 қызметкер мен 5 бірлік техника жіберілді", - деді ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

 
ТЖ орнына барар жолдың нашар болуына байланысты күштер мен құралдардың қозғалысы айтарлықтай қиындады. Өрт орнына дейінгі арақашықтық шамамен 180-200 шақырымды құрайды. 
 
13 сәуірден бері ТЖД мен жергілікті атқарушы органдардың күштері және құралдары Балқаш ауданының Желтораңғы, Ақкөл ауылдық округтерінің аумақтарындағы ошақтарды сөндіруде. 
 

Барлығы үш жану ошағы бар. Алғашқы ошақ 20 га алаңда сағат 10.30-да сөндірілді. Екінші және үшінші жану ошақтарын сөндіру жұмыстары жалғасуда", - деді ТЖМ өкілі.

 
Қураған ағаштардың жану оқиғаларының жиілеуіне байланысты 12 сәуірден бастап Балқаш ауданында жедел штаб құрылды. Онда Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары жұмыс істейді. Қазавиаорманқорғау мекемесінің ұшағымен учаскелерді аэровизуалды тексеру ұйымдастырылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны