21.05.2021, 23:19 11311

Қазақстандық сайтқа шетелдіктерден хабарландыру қабылдауды шектеуге кеңес берілді

Қазіргі уақытта интернет-алаяқтықтың 50%-дан астамы "OLX" платформасын пайдалану арқылы немесе басқаша түрде жасалады.
АЛМАТЫ. 21 МАМЫР - Алматы полициясы ірі жарнамалық интернет-алаң әкімшілігін басқа елдердің тұрғындарының жарнамаларын орналастыру мүмкіндігін шектеуге шақырды. Сату-сатып алу, айырбастау және басқа да айла-шарғы жасау кезіндегі алаяқтық әрекеттердің көбін басқа мемлекеттердің пайдаланушылары жасайды.
 

Қазіргі уақытта интернет-алаяқтықтың 50%-дан астамы "OLX" платформасын пайдалану арқылы немесе басқаша түрде жасалады. Осыған байланысты осы ресурстың жетекшісі Марина Киммен жұмыс кездесуі болды. Диалог барысында біз болашақта ірі жарнамалық Интернет-алаңды пайдаланушылардың тәуекелдерін барынша азайтуға көмектесетін бірнеше ұсыныстарды айттық", - деп хабарлады Polisia.kz Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

 
Полиция компанияны алаяқтардан қорғау үшін шаралар қабылдауға шақырды:
 
- Авторизациялау процедурасын қатаңдатуға: биометриялық мәліметтерді қолдана отырып авторизациялау немесе жеке куәліктің фотосуретін пайдалану арқылы авторизациялау мәселесін қарастыру. Қазіргі уақытта авторизация тек смс-хабарлама арқылы жүреді, ал, алаяқтар бұл іс-әрекетті смс-активация қызметін пайдаланып, айналып өтеді.
 
- IP-мекен-жай сүзгісін жасау, яғни басқа елдердің IP-мекен-жайы бар пайдаланушылар "OLX" қосымшасына немесе сайтына кіре алмайтындай етіп файрбол орнату, өйткені алаяқтар IP мекен-жайларын жасыру үшін VPN қызметін жиі пайдаланады.
 
- ЛОГ файлдарын тек жарнамалық жазбалар үшін ғана емес, сонымен қатар, жарнамаға кірген адамдар үшін де теру, өйткені алаяқтар сатып алушы ретінде де әрекет етеді және сатушылардың пайдаланушыларының жеке деректерін шығарып, күмәнді сілтемелерге өтуді сұрайды.

Ақпарат көзі: polisia.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны