01.06.2021, 21:30 8961

Құтқарушылар Түркістан облысында жоғалып кеткен туристердің бірінің сөмкесін тапты

ТҮРКІСТАН. 1 МАУСЫМ - Түркістан облысының тауларындағы Өгем өзенінен құтқарушылар жоғалған туристердің бірінің сөмкесін тапты, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметінен хабарлағандай, Өгем өзенінен табылған сөмкені ТЖМ құтқарушылары полицейлерге тапсырды.
 

Қазіргі уақытта жоғалған екі туристті іздеу жалғасуда. Өңірде "Қазавиақұтқару" АҚ екі тікұшағымен аэровизуалды барлау жүргізілуде", - делінген ведомство хабарламасында.

 
Естеріңізге сала кетейік, Төле би ауданы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жеті адамның жоғалғаны туралы хабарлама 25 мамырда келіп түскен болатын. 21 мамырда туристер жаяу тәртіппен Сары-Айғыр шатқалына бет алды және 24 мамырда оралуы керек еді. 28 мамырда Қазавиақұтқару тікұшағымен әуе арқылы ұшу барысында құтқарушылар жоғалған жеті туристің үшеуін тапты. Олар сәтті эвакуацияланды, жастардың жағдайы қанағаттанарлық. Туристердің айтуынша, олар екі топқа бөлінген.
 
Келесі күні, 29 мамырда экспедицияның тағы екі мүшесінің денелері табылды. Кейін шекара аумағында жоғалған туристерді іздеуге Өзбекстан ТЖМ қызметкерлері қосылды.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны