20.07.2021, 23:18 9863

Ақтаудағы колониядағы жатақхананың құлауынан зардап шеккендер саны үшке дейін өсті

АҚТАУ. 20 ШІЛДЕ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Маңғыстаудағы колониядағы жатақхананың ішінара құлауы салдарынан 3 сотталған адамның қаза тапқанын, тағы 8 адам жарақат алғанын нақтылады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ГМ-172/6 мекемесінен орын алған төтенше оқиғаның нәтижесінде, ғимарат ішінен зардап шеккен 11 сотталған анықталды. Өкінішке орай, сотталғандардың 3-еуі алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Қалған 8 сотталған уақтылы медициналық көмек көрсетуге ауруханаға жеткізілді, олардың төртеуі медициналық тексеруден кейін мекемеге қайтарылды және олардың жағдайы ауруханада қалып, ем алуды қажет етпейді.
 

Қазіргі таңда, қайтыс болған сотталғандардың жақын туыстарымен байланыс орнатылып, қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Сонымен қатар, сотталғандарға ҚАЖ мекемесіне оралып, медициналық тексеруден өткеннен кейін бейнебайланыс арқылы жақын туыстарымен сөйлесу мүмкіндігі берілді. Қалған төрт адамның жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Зардап шеккендердің біреуі тұрақты ауыр хәлде, үшеуі орташа деңгейде түрлі жарақат алған", - деп хабарлады ҚР ІІМ ҚАЖК.

 
Аталған фактіден кейін Маңғыстау облысының Полиция департаменті ҚР ҚК 278-бабының 3 т. (Адамдардың өліміне әкеп соққан сапасыз құрылыс) сәйкес сотқа дейінгі тергеуді бастады, тиісті сараптама жүргізілуде. Сондай-ақ, арнайы комиссия ҚАЖ мекемесінің аумағындағы барлық ғимараттарға техникалық тексеру жүргізуде. Жағдай ІІМ басшылығының ерекше бақылауында.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны