25.08.2021, 17:10 7166

Батыс Қазақстанда арнайы операция барысында бірнеше тонна марихуана, оқ-дәрілер мен қару тәркіленді

АТЫРАУ. 25 ТАМЫЗ - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР ІІМ арнайы мақсаттағы күштерін тарта отырып, Атырау облысы прокуратурасының келісімі бойынша Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында құрамында есірткі бар өсімдіктер өсіруді ұйымдастырған қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Арнайы операция нәтижесінде 2021 жылғы 18 тамызда үш плантацияда 31 адам (оның 17-сі шетелдік), оның ішінде есірткі тобын ұйымдастырушы ұсталды.
 

Заңсыз айналымнан 4 тоннадан астам марихуана, 7 бірлік атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді. Сонымен қатар тінту барысында браконьерлік жолмен алынған ақбөкен мүйіздері мен бекіре тұқымдас балықтар табылды", - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметінде.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны