20.09.2021, 19:28 7362

Алматыда атыс болып, бес адам қаза тапты

АЛМАТЫ. 20 ҚЫРКҮЙЕК - Бүгін, кешкі сағат 17:00 шамасында Алматының Алатау ауданындағы "Ақбұлақ" ықшамауданында қайғылы оқиға болды.
 
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, жеке үйлердің біріне келген сот орындаушыға, учаскелік полиция инспекторларына үй иесі — 1967 жылы туған Д. есімді азамат оқ атты. 
 
Қызмет барысында бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып, көз жұмды. 
 

Күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта жағдай бақылауда. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады полициядан. 

 
Қаза тапқан полиция қызметкерлері: 
 
Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция майоры Сүлеев Дархан Дауылбайұлы 1982 жылы туған. 
 
Алатау аудандық ПБ ЖПҚБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Байғазиев Нұрбол Назарбайұлы 1988 жылы туған.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны