04.10.2021, 18:19 32326

Алматыда бетон араластырғыштың аударылуына байланысты жолдарда кептелістер пайда болды

Жол апаты бүгін түскі сағат 13:30-дар шамасында әл-Фараби - Жароков көшелерінің қиылысында болды.
АЛМАТЫ. 4 ҚАЗАН - Алматыда бетон араластыратын жүк көлігі аударылып қалды.
 
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, жол апаты бүгін түскі сағат 13:30-дар шамасында әл-Фараби - Жароков көшелерінің қиылысында болды.
 

Mercedes Benz ACTRO S3236" жүк көлігінің жүргізушісі әл-Фараби – Жароков көшелерінің қиылысында рульге ие бола алмай қалып, аударылған. Апат салдарынан көлікке зақым келді. Зардап шеккендер жоқ", - деді Алматы қалалық Полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

 
Полиция өкілінің айтуынша, тергеуді Бостандық аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр. 
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны