15.10.2021, 17:58 57554

Алматыда жанып жатқан бес қабатты үйден әйел мен оның төрт жасар ұлы құтқарылды

Алмалы ауданындағы бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты.
АЛМАТЫ. 15 ҚАЗАН - Алмалы ауданындағы бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты. Құтқарушылар пәтерден шыға алмай қалған анасы мен төрт жасар ұлын аман алып қалды.
 
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 14 қазан күні сағат 16:00-де ТЖД 101 пультіне Алмалы ауданындағы Тұрғыт Озал 57 мекен-жайы бойынша тұрғындардан өрт туралы хабарлама түсті.
 

ӨСБ-14 өрт сөндіру бөлімшесі есептері бірінші болып келген сәтте, барлау жұмыстары барысында тұрғын үйдің бесінші қабатта орналасқан қою түтін, ашық жалынмен витражды балкон жанып жатқанын анықтады, өрт жанында орналасқан жиһазға таралып үлгерген. Баспалдақ алаңында жоғары температура, улы түтін пайда болып, пәтерлерден адамдар шыға алмай қалды", - деп хабарлады ведомствода.

 
Қарауыл бастығы азаматтық қорғау аға лейтенанты Рустам Уладиев құтқару жұмыстарын жүргізу және өрт сөндіру кезінде газ-түтіннен қорғау қызметінің жанып жатқан қабаттағы пәтерлерден адамдарды эвакуациялау туралы шешім қабылдады.
 

Қалыптасқан жағдайға байланысты ӨСБ-1 (өрт сөндіру басшысы) жеке құрамға жабылып тұрған есікті ашу және адамдарды шығарып алып туралы команда берілді. Аға өрт сөндіруші Әділмұрат Сабыржан мен Әбен Талант пәтерге қамалып қалған Е. Жанботаева мен оның төрт жасар ұлын құтқарды. Бақытымызға орай, құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады", - деп толықтырды департаментте.

 
Өрт 7 минут ішінде ауыздықталып, 16:38-де толық сөндірілді. Оған екі өрт сөндіру бөлімшесі, 5 автотехника, жеке құрамның 17 адамы жұмылдырылды.
 
Қабылданған шаралардың арқасында ешкім зардап шеккен жоқ.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны