08.11.2021, 15:13 30640

Алматыда қызды аяусыз өлтірді

Алматыда қызды аяусыз өлтірді
Сурет: wnovosti.ru
АЛМАТЫ. 8 ҚАРАША - Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде қызды өлтіріп, артынан өртеп жіберген.
 
Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.
 

Алматыда Достық, 138, "Латифа" тұрғын үй кешенінде қызды өлтірді. Алдымен буындырып өлтіріп, артынан өртеп жіберген. Бұл туралы үндемей қалмаңыз! Қазір учаскелік полицейлер оның жезөкше болғанын айтып жатыр", - делінген хабарламада.

 
Алматы қалалық Полиция департаменті кісі өлтіру фактісін растады.
 

Аталған факт ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді және Медеу аудандық полиция басқармасының өндірісінде. Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Күдіктінің кім екені анықталды. Оны ұстауға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады полициядан.

 
Сонымен қатар, Полиция департаменті жәбірленушінің жеңіл жүрісті әйел екендігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын атап өтті. Қылмыстың мән-жайы мен себептері анықталуда.

Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны