08.11.2021, 13:51 14452

Ақтаудағы дәмханалардың бірінде жарылыс болды

Ақтаудағы дәмханалардың бірінде жарылыс болды
Сурет: өңірдің қоғамдық коммуникациялар орталығы
АҚТАУ. 8 ҚАРАША - Маңғыстау облысының Ақтау қаласында жарылыс болып, ғимарат қирады.
 
Әлеуметтік желіде Ақтау қаласында жарылыс болғаны туралы хабар тараған. Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті бұл мәліметті растады.
 

Сағат 22.25-те Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне Ақтау қаласы, №29 "а" шағын аудан мекенжайы бойынша жарылыс болғаны туралы ақпарат келіп түсті. Белгісіз жағдайда болған жарылыс салдарынан құрылыс түгел қираған. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Жарылыстың себебі мен бұзылу аймағы нақтыланып жатыр", - делінген Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте.

 
Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінің 5 техникасы мен 17 қызметкері, "Апаттық медицина орталығы" мекемесінің 3 қызметкері мен 1 техникасы аттанғаны хабарлануда.
 
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны