22.11.2021, 19:20 11293

Алматы облысында су қоймасының бөгеті бұзылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. 22 ҚАРАША - 21 қарашада сағат 23.13-те Алматы облысының ТЖД-ға Алматы облысы Жамбыл ауданы Мыңбаев ауылының маңында Книжевского су қоймасы бөгетінде жарық пайда болғаны туралы хабарлама келіп түсті. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.
 
Су Қарғалы өзенінің арнасымен ағып кетуде, одан әрі Іле ауданының Күрті су қоймасына құяды (толтыру пайызы – 14%, жобалық көлемі - 120 млн текше метр).
 
Оқиға салдарынан қаза болғандар мен зардап шеккендер, сондай-ақ тұрғын үйлерді су басу жоқ, облыстық маңызы бар "Мыңбаева-Қасымбек" автожолы арқылы су асу фактісі бар. Полиция қызметкерлері қозғалысты шектеу бойынша бекеттер қойды.
 
Аққан судың көлемі төмендеуде.
 
Қарғалы өзенінің арнасы бойынша визуалды бақылау жүргізілуде, қазіргі уақытта елді мекендерді су басу қаупі жоқ.
 
Оқиға орнында Алматы облысы ТЖД бастығы бастаған ҚР ТЖМ бөлімшелері, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері және басқа да мүдделі қызметтер бар. Оқиға орнында және ТЖД ғимаратында төтенше жағдайды жою штабы құрылды.

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны