06.01.2022, 02:15 551

Алматы әуежайы босатылды

Алматы әуежайы босатылды
АЛМАТЫ. 6 ҚАҢТАР - Алматыда террористерге қарсы арнайы операция барысында әуежай босатылды. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мәлем етті.
 

Қалада террористерге қарсы арнайы операция басталды. Әуежай босатылды. Қазір ол штатты режимге ауыстырыла басталды", - деді Ержан Бабақұмаров журналистерге. 

 
Бұған дейін Алматы комендантурасы қалада лаңкестікке қарсы арнайы операция басталғанын жариялады. 
 
Ал, Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысында бүлікшілердің шетелде үлкен дайындықтан өткен халықаралық террористер екенін мәлімдеді. 
 
Мемлекет басшысы Алматы қаласында 5 қаңтардағы сағат 01:30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00:00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізу туралы Жарлыққа қол қойды.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны