11.02.2022, 16:56 37386

Қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген вайнер Саидбаевқа іздеу жарияланды

Қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген вайнер Саидбаевқа іздеу жарияланды
Сурет: t.me/abdrakhmanovlive
АЛМАТЫ. 11 АҚПАН - Қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген вайнер Азимжан Саидбаевқа іздеу жарияланды. Бұл туралы Алматы полиция департаменті мәлім етті. 
 

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 2-тармағы 3-бөлігінің 217-бабында (Қаржылық "инвестициялық" пирамиданы құру және оған басшылық ету) көзделген қылмысты жасады деген күдік бойынша біз Қырғызстан Республикасының тумасы, 30.09.1986 жылы туған Азимжан Саидбаевты іздестірудеміз. Бұлтартпау шарасы: күзетпен ұстау", - делінген хабарламада

 
Полицейлер іздеуде жүрген адам туралы қандай бір мәлімет болса +7 701 758 67 60, +7 708 683 94 33 және 8 (727) 254 43 51 телефондары арқылы хабарлауды сұрайды. 
 
Бұған дейін танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ұсталғаны туралы жазған болатынбыз.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны