04.04.2022, 17:13 16276

Қырғызстанмен шекарада тауарларға жалған құжаттары бар алты жүк көлігі ұсталды

Қырғызстанмен шекарада тауарларға жалған құжаттары бар алты жүк көлігі ұсталды
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 4 СӘУІР - Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылғы 1 сәуірде тауарға жалған ілеспе құжаттар бойынша халық тұтынатын тауарлардың (киім, аяқ киім, косметика, ыдыс және т.б.) ірі партиясын Қазақстан Республикасына әкелу әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ҚМ Мемлекеттік Кірістер Комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Қырғыз Республикасынан келе жатқан 6 жүк автокөлік құралына қатысты тақырыптық салықтық тексеру жүргізу барысында құжаттарда Қазақстан Республикасының алушысы ретінде көрсетілген компанияның аталған тауарлардың импортына ешқандай қатысы жоқ екендігі анықталды", - деді ҚР МКК баспасөз қызметінде.

 
Жүргізілген тексеру аясында компания басшысы импортқа қатысы жоқтығы туралы мәлімдеме жасады, осыған байланысты аталған іс бойынша материалдар тауарларды мемлекет кірісіне айналдыру мақсатында сотқа жіберілетін болады.
 
Мемлекеттік кірістер комитетінде түсіндіргендей, импортқа қатысы жоқ тұлғалардың атына тауарларды әкелу сұлбасы импортқа ҚҚС төлеуден жалтару үшін қолданылады.
 
Қырғыз Республикасымен өзара саудада көлеңкелі тауар айналымын қысқарту мақсатында бірқатар жұмыс кездесулері өткізілді.
 
Бұл мәселе 2022 жылығы 15-16 ақпанда Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі жұмыс тобының отырысы барысында да қаралды.
 

Нәтижелері бойынша Қырғыз Республикасының Қаржы Министрлігі жанындағы Мемлекеттік салық қызметі 16 ақпаннан бастап экспорттаушыларда ЕАЭО елдеріне экспорттау кезінде тасымалданатын тауарға электрондық шот-фактуралардың (ЭШФ) болуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді өзіне алды", - деді комитетте.

 
Дегенмен, ЭШФ-сыз тауарларды өткізу фактілері жалғасуда.
 

Мысалы, тек 27-31 наурыз аралығында қытай өндірісінің халық тұтынатын тауарларын тасымалдаған 345 жүк машинасының 268-і (78%) ЭШФ-сыз жөнелтілген. Қалған жағдайларда ЭШФ барлық тауарға рәсімделмеген", - деп толықтырды МКК.

 
Бұдан бұрын хабарланғандай, ағымдағы жылдың басынан бастап Қырғызстанға Қытай импортының бес есе, Қырғызстаннан Қазақстанға импорттың 2,5 есе өсуі тіркелді.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны