25.04.2022, 18:28 13811

Алматыда қаңтар айында ұрланған қарумен кезекті қойма табылды

Алматының екі ауданында қаңтар айындағы оқиғалар кезінде аңшылық дүкендерден ұрланған қару-жарақ табылған.
АЛМАТЫ. 25 СӘУІР - Алматының екі ауданында қаңтар айындағы оқиғалар кезінде аңшылық дүкендерден ұрланған қару-жарақ табылған, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY Алматы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденовтің Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.
 
Бірінші жағдайда Алмалы ауданының полиция қызметкерлерімен 1990 жылы туған Н.есімді азамат ұсталды. Алматы облысы, Жамбыл ауданында тәртіп сақшылары арнайы іс-шараны жүргізді, деп хабарлады Алматы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов Facebook-тегі парақшасында.
 

Күдікті қаңтар оқиғасы кезінде аңшылық дүкенінен қару ұрлағаны үшін сотталды. Ұрланған қару-жарақ қоймасының орны – ауыл шетіндегі үйіндіден анықталды. Нәтижесінде 22 калибрлі "SAVAGE" бұрандалы карабині мен 12 калибрлі "ATA ARMS" тегіс ұңғылы мылтығы тәркіленді. Қылмыстың сыбайластарымен қатар басқа да қару-жарақ жасырылған орындар болуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда", - деді Алмалы аудандық полиция Басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов.

 
Қаланың Алатау ауданында тонауға қатысқан тағы бір азамат ұсталды. Қаңтар оқиғасы кезінде аңшы мылтығын заңсыз иемденіп алған.
 

Қаскөй бұл қаруды көміп тастады. Жасырылған орын табылды. Қару сараптамаға жіберілді. Ал, қаскөй уақытша ұстау изоляторына қамалып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды", - деді, Әуезов аудандық ПБ бастығы, полиция полковнигі Құмарбек Кеншінбаев.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны