26.04.2022, 17:57 15961

Ақбұлақ атқышы өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Ақбұлақ атқышы өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Сурет: facebook/Игорь Дужнов
АЛМАТЫ. 26 СӘУІР - Алматы соты бес адамды атып өлтірген Игорь Дужновқа қатысты үкім шығарды.
 
Сот Игорь Дужновты бес адамның өліміне кінәлі деп тапты. 
 

Өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Төтенше қауіпсіздіктің қылмыстық жүйесі мекемесі Дужновтың жазасын өтеу орны ретінде белгіленді", - деп үкім шығарды судья. 

 
Бұған дейін прокурор соттан Игорь Дужновты өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. 
 
Еске салайық, былтыр 20 қыркүйек күні Алматыда жеке үйлердің біріне келген сот орындаушыға, учаскелік полиция инспекторларына үй иесі - 1967 жылы туған азамат оқ атты. 
 
Қызмет барысында бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып, көз жұмды. Қаза тапқан полицейлердің бірінің артында – 5, екіншісінде 2 бала қалды. 
 
Кейінірек Жеке сот орындаушыларының палатасы оқиғаға қатысты түсініктеме берді. 
 
 "Банк ЦентрКредит" АҚ іс бойынша қажетті барлық құжат ұсынылатынын және зардап шеккендердің туыстарына жан-жақты көмек көрсетілетінін жеткізді.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны