13.05.2022, 17:22 22216

БҒМ бірінші сынып оқушысы зорланған жекеменшік мектепте заң бұзушылықтарды анықтады

БҒМ бірінші сынып оқушысы зорланған жекеменшік мектепте заң бұзушылықтарды анықтады
Сурет: Depositphotos
НҰР-СҰЛТАН. 13 МАМЫР - Бірінші сынып оқушысы зорланды делінген "Мәриям" жекеменшік мектебінде тексеру жүргізген ҚР Білім және ғылым министрлігінің қызметкерлері мекемеде бірқатар заң бұзушылықтар анықталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

Құрылған комиссияның тексеру нәтижесі бойынша оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде (бейнебақылауды қамтамасыз ету бойынша тиісті талаптарды сақтамау), қажетті санитарлық-гигиеналық талаптарды құруда (сыныпта жарықтың нашарлығы, желдету жүйесінің болмауы және т.б.) бірқатар бұзушылық анықталды", - деп хабарлайды БҒМ баспасөз қызметі.

 
Қазіргі уақытта тексеру жұмыстары жалғасып жатыр. Оның қорытындысы бойынша шаралар қабылданады.
 
Еске сала кетейік, кеше ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиев пен Балалар құқықтары жөніндегі штаттан тыс кеңесші Раиса Шер "Мариям" жекеменшік ұйымында оқитын 1-сынып оқушысына қатысты мән-жайларды зерттеу үшін Алматыға барған болатын.
 
Олар оқушының отбасына барды. Балаға психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ, комитет қызметкерлері Алматы қаласының құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесті.
 
Еске сала кетейік, қазір қалалық полиция департаменті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр және зорлық-зомбылық әрекеттерінің жасалғанын анықтау үшін сараптама тағайындалды.
 
Сонымен қатар, олар Алматы қаласындағы "Мариям" жекеменшік ұйымының әкімшілігімен және ұстаздарымен әңгімелесті.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны