18.05.2022, 15:04 15556

Қазақстанда жыл басынан бері жануарлар аурулары бойынша 177 қолайсыз пункт тіркелді

Қазақстанда жыл басынан бері жануарлар аурулары бойынша 177 қолайсыз пункт тіркелді
НҰР-СҰЛТАН. 18 МАМЫР - 2022 жылға аса қауіпті ауруларға жануарларды вакцинациялау бойынша ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар жоспарына сәйкес, диагностикаға 160,5 млн манипуляция, сондай-ақ 34,1 млн зерттеу жоспарланған, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 

2022 жылдың басынан бері республика аумағында 177 қолайсыз пункт тіркелді. Оның ішінде аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша 91 пункт (оның ішінде 51-і жойылды, 40-ы жұмыс істейді), сондай-ақ бруцеллез бойынша 86 пункт (оның ішінде 20-ы жойылды, 66-сы жұмыс істеп тұр)", - деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

 
Ол үшін жоспардан тыс, мәжбүрлі 58 516 бас ІҚМ, 4707 бас ҰММ, 2388 бас жылқы және 633 ет қоректі жануарларға вакцинация жүргізілді, сондай-ақ 1,0 млн шаршы метрден астам дезинфекциялық құралдар бөлінді.
 
Ведомствоның ақпараты бойынша, ағымдағы жылдың 4 айында тәркіленген және жойылған жануарлардың 61 басына 15,1 млн теңге өтемақы берілді.
 
Ағымдағы жылдың 1 мамырына республика бойынша 13,04 млн бирка бар: 2,2 млн ІҚМ, 8,6 млн ҰҚМ, 2,1 млн бас шошқа, 36,9 млн бас түйе.
 

Сонымен қатар, 2022 жылдың бірінші тоқсанында ветеринариялық-санитариялық талаптарды бұзғаны үшін мемлекеттік ветеринариялық инспекторлар анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 12 966 нұсқама жазып берді. Нұсқамалардың орындалуын тексеру нәтижелері бойынша ҚР ӘҚБтК бабына сәйкес, жалпы сомасы 208,6 млн.теңгеге 6 088 әкімшілік айыппұл салынды", - деп толықтырды АШМ.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны