22.06.2022, 16:50 16856

ҰҚК: Самат Әбіш қаңтар оқиғаларының ісі бойынша "тергеу орбитасында" тұр

Тергеу органдары Самат Әбішті жауап беруге шақыртып жүр.
ҰҚК: Самат Әбіш қаңтар оқиғаларының ісі бойынша "тергеу орбитасында" тұр
Сурет: ҚР ҰҚК
НҰР-СҰЛТАН. 22 МАУСЫМ - Тергеу амалдары аясында Самат Әбіштен жауап алынып жатыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Асқар Әмірханов айтты. 
 
Алайда ол тергеу амалдары барысында С. Әбіш күдікті немесе куәгер екенін нақтыламады. 
 
А. Әмірхановтың айтуынша, тергеу органдары Самат Әбішті жауап беруге шақыртып жүр. 
 

Самат Әбіш тергеу орбитасында. Ол жауап беріп жатыр. Оның статусын білмеймін және ол дәл қазір Қазақстанда екенін білемін. С. Әбішті өзім көрмедім. Менің ойымша, тергеу амалдары жүріп жатыр. Ол сонда болуы керек", - деді Асқар Әмірханов Мәжілісте тілшілер сауалына жауап бере отырып. 

 
Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл қаңтар айында Мемлекет басшысының өкімімен Самат Сатыбалдыұлы Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды.
 
Ақпарат көзі: inform.kz 
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны