29.07.2022, 16:25 15091

Мұрат Бектановтың қамауға алу мерзімі ұзартылды

Сот экс-министрді өмір бойы мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 15 жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін.
Мұрат Бектановтың қамауға алу мерзімі ұзартылды
НҰР-СҰЛТАН. 29 ШІЛДЕ - Экс-қорғаныс министрі Мұрат Бектеновті қамауға алу мерзімі 20 тамызға дейін ұзартылды.
 
Сот экс-министрді өмір бойы мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 15 жылға бас бостандығынан айыруы мүмкін.
 
Естеріңізде болса, ол 20 ақпанда ұсталған еді. Министрліктің бұрынғы басшысы қаңтар оқиғасынан бір жарым ай өткен соң қамауға алынды. 19 ақпанда Бас прокуратура сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол "әскери жағдайда лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланады" деген күдікке ілінген еді. 

 
Ақпарат көзі: 24.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны