07.09.2022, 16:15 18661

Қостанай облысында табиғи өрт ауыздықталды

Қостанай облысында табиғи өрт ауыздықталды
ҚОСТАНАЙ. 7 ҚЫРКҮЙЕК - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел штабы Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы табиғи өрттің ауыздықталғанын хабарлады, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Ведомствоның мәліметінше, жалындап жанып жатқан учаскелер жоқ, қалдық от ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізілуде. 
 
2022 жылдың 10 қыркүйегіне дейін көмек көрсету үшін Ақмола облысының жеке құрамынан 50 адам 8 бірлік техника тобы қалады.
 

Жанудың салдарын жою жұмыстарына жұмылдырылған күштер мен құралдар азайтылды. Көмек көрсету үшін Ақмола облысының күштері мен құралдары, Восток РМК жеке құрамының инженерлік техникасы жерді жырту жұмыстарымен айналысатын болады. Сонымен қатар ТЖМ полкінің жеке құрамы командирлермен бірге және Қостанай облысының бөлімшелері жұмыс орнына оралу туралы шешім қабылданғанға дейін оқиға орнында қалады. Қалған бөлімшелер кешке дейін жұмыстарын жүргізіп, тұрақты жұмыс орындарына оралады", - деді Юрий Ильин.

 
Бұған дейін Қостанай облысында зардап шеккендерге арналған үйлердің құрылысына дайындық басталғаны хабарланған болатын.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны