02.11.2022, 18:18 17206

Қазақстанда жыл басынан бері қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін 100 қылмыстық іс қозғалды

Қазақстанда жыл басынан бері қасақана жалған ақпарат таратқаны үшін 100 қылмыстық іс қозғалды
Сурет: Рolisia.kz
Астана. 2 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстанда тоғыз айда "Қасақана жалған ақпарат тарату" бабы бойынша 100 сотқа дейінгі тергеу тіркелді, деп хабарлады бас прокурор Берік Асылов депутаттық сауалға берген жауабында.
 

Оның ішінде 7 іс сотқа жіберіліп, 46 іс тоқтатылды (қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты), 28 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру мерзімдері үзілген (қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам анықталмаған - 20 іс, күдікті, айыпталушы Қазақстан Республикасынан тысқары жерде болуына орай - 2 іс, сараптамаға байланысты - 6 іс), 19 іс тергелуде", - деді Берік Асылов.

 
Сондай-ақ ол ағымдағы жылдың 7 қазанында Бас Прокурордың бірінші орынбасары ведомствоаралық кеңес өткізіп, онда қауіпсіздік пен құқықтық тəртіпті қамтамасыз ету, оның ішінде жоғарыда көрсетілген санаттағы қылмыстардың (ҚК-нің 274-бабы) профилактикасы жəне алдын алу жөніндегі жұмыстардың жай-күйі мəселелері талқыланғанын хабарлады
 

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда жəне бақылауда", - деп сендірді Бас прокурор.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны