11.11.2022, 15:17 17396

Алматыдағы өлімге әкеп соққан ЖКО: автобус жүргізушілерінің бірі қамауға алынды

Алматыдағы өлімге әкеп соққан ЖКО: автобус жүргізушілерінің бірі қамауға алынды
Сурет: telegram/ALMATY_KRIS_P
Алматы. 11 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Алматыда автобус апатына қатысы бар жүргізуші қамауға алынды.
 

Алматы қаласы тергеу сотының қаулысымен 11 қараша күні сотқа дейінгі тергеу органдарының күдікті А-ға қатысты 2 айға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтініші санкцияланды. Күзетпен ұстау мерзімі 2023 жылдың 9 қаңтар күніне дейін белгіленеді", - деді Алматы қалалық сотының ресми өкілі Абай Жарылқасын.

 
Еске салайық, 8 қараша күні Алматыда Төле би - Абылай хан көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысты. Алғашында полицейлер бір адам көз жұмып, 15 адам зардап шеккенін мәлімдеген болатын. Соңғы мәлімет бойынша, медициналық көмекке 21 адам жүгінген, оның 9-ы ауруханаға жатқызылды.
 
Полицияның мәліметінше, апатқа жол қиылысына қызыл бағдаршамға шыққан жүргізушілердің бірі кінәлі болған.
 
Сондай-ақ "Алматыэлектрокөлік" ЖШС Алматыда соғылған автобустардың тежегіші істен шықты деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны