22.11.2022, 17:08 10766

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды
Сурет: primeminister.kz
Астана. 22 қараша. KAZAKHSTAN TODAY - Астана Ұлттық музейінің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды.
 

2022 жылғы 18 қарашада Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мұхамедиұлы Арыстанбекке қатысты қамауға алу түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін бір айға ұзартты", - деп хабарлады Астана сотының баспасөз қызметі.

 
2022 жылдың мамырында бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауға алынғаны белгілі болды. Сол уақытта А. Мұхамедиұлы Ұлттық музейді басқарды. 28 мамырда соттың санкциясымен оған қатысты "қамау" бұлтартпау шарасы таңдалды.
 
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық музейдің лауазымды тұлғаларына және басқа да тұлғаларға қатысты "Алтын адамның мұражайлары арқылы өтуі" халықаралық көрмесін өткізуге мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша 146 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деген айыппен тергеу жүргізді.
 
Ақпарат көзі: egemen.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны