21.12.2022, 12:09 28886

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды

Ол аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды және өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталған
Астана. 21 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Ұлттық музейдің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі бір айға ұзартылды, деп хабарлайды Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметі.

2022 жылғы 20 желтоқсанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А.Мұхамедиұлына қатысты белгіленген күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімін 1 айға ұзартты, делінген ведомствоның хабарламасында.

Еске салайық, Мұхамедиұлы аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды және өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталған. Тергеу "Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі" халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ "Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу" және "Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру" жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша жүргізілуде. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның мәліметінше, тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала сомасы шамамен 7 млрд теңгені құрайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны