21.12.2022, 11:51 26356

Елорда тұрғыны террористік шабуыл дайындап, билікті басып алу үшін адамдарды даярлады

Ол 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді
Елорда тұрғыны террористік шабуыл дайындап, билікті басып алу үшін адамдарды даярлады
Сурет: Polisia.kz
Астана. 21 желтоқсан. KAZAKHSTAN TODAY - Елорда тұрғыны "Ш"-ға қатысты Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Сот оның терроризм актісіне дайындалу, террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды даярлау, сонымен қатар терроризмді, билікті басып алу және ұстап тұруды, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді насихаттау фактілері бойынша кінәсін дәлелдеді", - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.


Ол 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық алқасымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны