14.02.2023, 11:45 35316

Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімін тағы ұзартты

Қамауда ұстау мерзімі екі айға ұзартылды
Астана. 14 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қазақстан Республикасының бұрынғы Мәдениет және спорт министрі, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің бұрынғы директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімін екі айға ұзартты, деп хабарлайды елордалық тергеу сотының баспасөз қызметі.

2023 жылдың 13 ақпанында Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Мұхамедиұлының қамауда ұстау мерзімін екі айға ұзартты", - делінген елордалық тергеу сотының хабарламасында.


Естеріңізге сала кетейік, Мұхамедиұлы бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлады және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп айыпталуда.

Тергеу "Алтын адамның әлем мұражайлары бойынша шеруі" халықаралық көрмесін өткізуге, сондай-ақ "Қазақстанның ұлттық киелі нысандары мен музей қорларын жалпымемлекеттік фотограмметриялық 3D-сканерлеу" және "Қазақстан Республикасының Ұлттық цифрлық киноколлекциясын цифрландыру" жобаларына бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактілері бойынша жүргізілуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның мәліметінше, тергеліп жатқан қылмыстық істер бойынша мемлекетке келтірілген залалдың алдын ала сомасы шамамен 7 млрд теңгені құрайды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны