21.02.2023, 12:08 18631

Қазақстанда рейдерлік бойынша қылмыстық істердің саны екі есеге жуық өсті

Елде осы санаттағы қылмыстарға қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнаманы жетілдіру бойынша шаралар жоспарлы түрде қабылдануда
Қазақстанда рейдерлік бойынша қылмыстық істердің саны екі есеге жуық өсті
Сурет: Depositphotos
Астана. 20 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - 2022 жылы құқық қорғау органдары рейдерлік фактілер туралы 19 қылмыстық істі тергеді, 2021 жылы - 11, деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасы.

Тергеу нәтижелері бойынша, сотқа 2 іс жіберілді.

Елде осы санаттағы қылмыстарға қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнаманы жетілдіру бойынша шаралар жоспарлы түрде қабылдануда, деп атап өтті Бас прокуратурада.

2021 жылдың шілдесінде Қылмыстық кодекстің 249-бабы осы қылмысты жасаудың жаңа тәсілдерімен толықтырылды. Осы бап бойынша жауапкершілік күшейтілді. Құрамы ауыр қылмыстар санатына жатады. Құқық қорғау, бақылау және өзге де органдардың ресурстары мен өкілеттіктерін пайдалана отырып не сот тәртібімен басып алу орын алған кезде "сыртқы, күштік" рейдерліктің жаңа құрамы енгізілді", - деді ведомствода.


Еске салайық, компанияларды басып алу ісі бойынша екі айыпталушы үйқамаққа ауыстырылды. Алдын ала есептеулер бойынша, жәбірленушілерге келтірілген залал сомасы 18 млрд теңгеден асты.

Өткен жылдың желтоқсан айында Антикор Гүлмира Сатыбалдыға қатысты бизнесті заңсыз иемденудің екі фактісі бойынша тергеуді аяқтады. Жәбірленушілерге келтірілген залал сомасы 6,6 млрд теңгеден асады.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны