22.02.2023, 10:02 26726

Алматы облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қару-жарақтың жасырын орны табылды

Remington 308 калибрлі иір ойықты мылтық карабині, екі оқжатары бар DSR 338 калибрлі жоғары дәлдіктегі мергендік карабині табылып, тәркіленді
Қонаев. 22 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Алматы облысында қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған сирек кездесетін қымбат қаруы бар тықпа орны анықталды.

17 ақпан жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Алматы облысы ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері Жамбыл ауданы Қарғалы ауылынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер сақталған орынды анықтады. Тексеру барысында Remington 308 калибрлі иір ойықты мылтық карабині, екі оқжатары бар DSR 338 калибрлі жоғары дәлдіктегі мергендік карабині табылып, тәркіленді. Сонымен қатар, Макаров тапаншасының 10 оғы анықталды", - деп хабарлайды Polisia.kz.


Алдын ала мәліметтер бойынша, бір ғана жоғары дәлдіктегі карабин шамамен 10 млн теңге тұратыны анықталды

ІІМ атап өткендей, аталған қару-жарақ қаңтар оқиғасы кезінде "Қорған" қару дүкенінен ұрланған тізіміне кіреді.

Бұл факт ҚР ҚК 287-бабының 2-бөлігі бойынша Жамбыл ауданы ПБ СДТБТ-да тіркелді.

Еске салайық, қаңтар оқиғасы кезінде үш мыңға жуық қару ұрланған болатын.

Ақпарат көзі: Polisia.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны