20.03.2023, 11:07 21356

Ақмола облысының тұрғынынан қарудың арсеналы табылды

Карабин, тегіс ұңғылы мылтық және пневматикалық тапанша тәркіленді
Көкшетау. 20 наурыз. KAZAKHSTAN TODAY - Жарқайың ауданының Пригородное ауылындағы сәтті арнайы операция нәтижесінде жергілікті тұрғыннан үш қарудан тұратын арсенал табылды.

40 жастағы ауыл тұрғыны қару-жарақ қоймасын тұрғылықты жерінде ұстаған.

Тінту іс-шаралары барысында жедел уәкілдер 12 калибрлі ИЖ-43-Е тегіс ұңғылы мылтықты, 5,6 мм калибрлі ТОЗ 16 маркалы шағын калибрлі карабинді және ИЖ 671 Корнет пневматикалық тапаншасын тәркіледі", - деп хабарлайды Polisia.kz.


ҚР ҚК "Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" 287-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Тәркіленген қару сараптамаға жіберілді.

Ақпарат көзі: Polisia.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны