12.04.2023, 10:32 28506

Полиция Семейдегі интернат тәрбиеленушісінің өлімін тергеп жатыр

Жасөспірім тамақтану кезінде тұншығып қалды
Полиция Семейдегі интернат тәрбиеленушісінің өлімін тергеп жатыр
Сурет: polisia.kz
Семей. 12 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - 7 сәуір күні мектеп-интернатта 15 жастағы жасөспірім тамақтану кезінде тұншығып, өліммен аяқталған жазатайым оқиға болды.

Жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін бала қайтыс болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы факті бойынша Әуезов полиция бөлімі сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оның шеңберінде тиісті сот сараптамалары тағайындалды, істің мән-жайларын зерттеудің жан-жақтылығын, толықтығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды.

Ақпарат көзі: Polisia.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны