17.04.2023, 10:21 28241

Жаңаөзендегі жарылыс: марқұмның денесі үйінді астынан шығарылды

"ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Жаңаөзендегі төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа пәтер береді
Жаңаөзендегі жарылыс: марқұмның денесі үйінді астынан шығарылды
Сурет: gov.kz
Жаңаөзен. 17 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Жаңаөзендегі тұрғын үйдегі жарылыс салдарынан бір адам қаза тапты, тағы екеуі ауыр жағдайда, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

Қазіргі уақытта үйінділердің астынан: 2000 ж.т. зардап шеккен әйел және 1994 ж.т. қайтыс болған азаматтың денесі алынды, деп айтылды ТЖМ хабарламасында.

Медициналық көмекке 12 адам жүгінді, оның ішінде 8 бала: 5 адам ауруханаға жатқызылды.

Үйінділерді талдау бойынша жедел жұмыстар жалғасуда, 30-дан астам техника мен 300-ге жуық адам жұмылдырылды: құтқарушылар, оның ішінде кинологиялық есеп, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, жергілікті атқарушы органдар, жедел медициналық көмек, полиция. Маңғыстау облысының ТЖД жедел штаб құрылып, жедел желі телефоны ашылды 8/7292/31-90-99", - деп хабарлады ведомствода.


Сонымен қатар, "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Жаңаөзендегі төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған тұрғындарға жаңа пәтер береді.

Тұрғын үйсіз қалған отбасыларға жаңа пәтер беріледі, зардап шеккендерге орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, барлық қажетті көмек көрсетіледі", - деп сендірді компанияда.


Бұған дейін хабарланғандай, бүгін, 17 сәуірде таңғы сағат 5 шамасында (Астана уақытымен) Жаңаөзен қаласындағы 2-ші шағын ауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша газ жарылысы орын алды. Салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған. Оқиға орнында өрт орын алған жоқ (үйдің жалпы ауданы 600 ш.м.).
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны