02.05.2023, 09:42 33731

Маңғыстау облысындағы Жетібай кен орнында жұмысшы қаза тапты

Тағы бір жұмысшы бас жарақатымен ауруханаға түсті
Ақтау. 2 мамыр. KAZAKHSTAN TODAY - Маңғыстау облысындағы Жетібай кен орнында газбен дәнекерлеуші қайтыс болды. Тағы бір жұмысшы ауруханаға түсті. Бұл туралы "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ баспасөз қызметі мәлім етті.

Оқиға 29 сәуір сағат 16:42 шамасында "Жетібаймұнайгаз" өндірістік басқармасының №5613/28 ұңғымасында "Великая Стена" БК ЖШС (Бұрғылау бригадасы ХДЕС - №56) аумағында болған. Жазатайым оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Монтаждау жұмыстары кезінде газбен дәнекерлеуші, Қазақстан азаматы оқиға орнында қайтыс болды. Бұрғылау қондырғысының шебері, Қытай азаматы басынан жарақат алып, ауылдық ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына жедел түрде Маңғыстау ауданының полиция қызметкерлері келді. Жазатайым оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу жүргізеді", - делінген баспасөз хабарламасында.


Сондай-ақ, "Великая Стена" БК ЖШС жазатайым оқиға туралы жедел түрде Маңғыстау облысының Еңбек басқармасына, осы жазатайым оқиға бойынша арнайы тергеу жүргізу үшін Маңғыстау облысы индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің департаментіне хабарлама жіберілген. Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының Еңбек басқармасы басшылық ететін комиссия құрылып жатыр.

Жазатайым оқиғаны тергеуді "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ басшылығы жеке бақылауға алды, тергеу белгіленген мерзімде жүргізіліп, кінәлі адамдар ҚР заңнамасына сәйкес жазаланады.

Ақпарат көзі: inform.kz
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны