Қаңтар трагедиясы кезінде жеті бала жарақат алды
Алматы қаласында оқ жарақатынан 2 бала қаза тапты, 7 бала түрлі оқ жарақатымен стационарға жатқызылды, 4 кәмелетке толмаған пациент Алматы қаласында, 2-і Алматы облысында және 1-і Жамбыл облысында", - деді комитет басшысы.
Сондай-ак, 1 жүкті әйел Алматы облысында газ шашудан зардап шекті.
"Қайғылы қаңтар" ТЖ кезеңінде медициналық ұйымға зардап шеккен 2740 адам медициналық көмекке жүгінді. Оның ішінде 1843-сі амбулаториялық көмек алды, 897-і ауруханаға жатқызылды, 188 адам реанимациялық бөлімшелерде болды, 891 науқас шығарылды. Денсаулық сақтау жүйесінің медициналық ұйымдарында қайтыс болғандар саны 177 адам. Оның мәліметінше, бүгінгі таңда стационарларда 6 адам емделуде: Алматы және Қызылорда қалаларында 3 пациенттен. Оның 1-і ауыр халде Қызылорда қаласының жансақтау бөлімінде жатыр.
Жалпы осы кезеңде 20 денсаулық сақтау объектісіне шабуыл жасалды. Нәтижесінде жеті медицина қызметкері зардап шекті: бесеуі - Алматыда, бір-бірден - Шымкент пен Алматы облысында.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.