31.08.2022, 15:45 11316

Air Astana рейстерінің кешігуі құстың шасси жармасына түсуімен түсіндірілді

Бүгін Air Astana компаниясының Алматы-Ақтөбе бағытындағы КС 864 рейсі қонатын кезде ұшақтың температураны бақылау құрылғысына құс кіріп кетті.
Air Astana рейстерінің кешігуі құстың шасси жармасына түсуімен түсіндірілді
Сурет: Depositphotos
АҚТӨБЕ. 31 ТАМЫЗ - Бүгін Air Astana компаниясының Алматы-Ақтөбе бағытындағы КС 864 рейсі қонатын кезде ұшақтың температураны бақылау құрылғысына құс кіріп кетті. Бұл туралы аталған компанияның баспасөз қызметінен мәлім етті.
 

Бүгін Алматы-Ақтөбе КС 864 рейсін орындаған Airbus A321 ұшағының қоршаған орта температурасын бақылап отыратын дачигіне құс түсіп кетті. Жыл басынан бері Air Astana компаниялар тобының ұшақтары осымен 100 рет құстарға соғылды. A320 әуе кемесін тексеруге жіберілген инженердің арқасында кері қайтуы тиіс Ақтөбе-Алматы рейсі бір сағаттан аспайтын уақытқа кешікті", - деп мәлім етті Air Astana компаниясының баспасөз қызметінен.

 
Сонымен қатар, бүгін тағы бір осыған ұқсас жағдай болды. Онда қонуға бет алған Анталья-Ақтөбе бағытындағы FlyArystan компаниясының ұшағының шассиіне құс кіріп кетті. 

Осы оқиғаға баланысты Ақтөбе-Атырау бағытындағы КС 7292 рейсі шамамен 3 сағат 50 минутқа кешікті. Ал Атырау-Ақтау-Атырау бағытындағы KC7275/7276 рейсі 15 сағатқа кешігуі мүмкін.
 
Бұдан бөлек, 29 тамызда Алматыдан Нұр-Сұлтанға ұшып бара жатқан ұшақтың қос бірдей қозғалтқышына құстар кіріп кеткен болатын. Дегенмен әуе компания қону штатты режимде өткенін хабарлады. 
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны