24.09.2021, 18:47 12439

Air Astana әуе компаниясының ұшағы Атырауда шұғыл қонды

АТЫРАУ. 24 ҚЫРКҮЙЕК - Х. Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайына Нұр-Сұлтаннан Ыстанбұлға бет алған Boeing 767 ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды.
 
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 23 қыркүйек күні кешкісін Түркияның Ыстанбұл қаласына бағыт алған Boeing 767 жолаушылар ұшағы Х. Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болған.
 
Алдын ала мәліметке сәйкес, әуе лайнерінің жанармай жүйесіндегі ақауға байланысты қонуына тура келген. Алайда, мамандар бұл деректі әзірге растаған жоқ, бұл тек болжам ғана. Жолаушылар ұшағының бортында 205 жолаушы, соның ішінде бес бала болған. Ешкім зардап шеккен жоқ.
 
Толықтырылды. Әуе компания елордадан Ыстанбұлға ұшып шыққан "Boeing-767" ұшағы Атырау халықаралық әуежайына техникалық себепке байланысты шұғыл қонғанын айтты.
 

23 қыркүйек күні сағат 21-35-те Атырау халықаралық әуежайына "Boeing-767" ұшағы мәжбүрлі түрде қонды. Себебі – жанар-жағармай жүйесіндегі техникалық ақау. Борт Нұр-Сұлтан-Ыстанбұл бағытында ұшып бара жатқан. Ұшақ Эйр Астана әуе компаниясына тиесілі", - деп атап өтеді Атырау облыстық ТЖД баспасөз қызметінен. 

 
Ұшақ бортында 205 жолаушы, оның ішінде 5 бала және экипаждың 5 мүшесі болған. 4 жолаушы Атырау қаласында тұратын туыстарының үйіне барса, 2 жолаушы басқа ұшақпен Нұр-Сұлтан қаласына ұшып кеткен. Ал қалған 199 жолаушы "Sulo Hotel" қонақ үйіне орналастырылған.
 

Ұшақты техникалық қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 24 қыркүйек күні сағат 14-00-де "Boeing-767" ұшағының Ыстанбұл қаласына ұшып шығуы жоспарланған", - деп атап өтеді ведомстводан.

 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны