14.01.2022, 15:33 25616

Алматы комендатурасы: заңсыз акциялар мен тонаудың 2 159 қатысушысы ұсталды

Алматы комендатурасы: заңсыз акциялар мен тонаудың 2 159 қатысушысы ұсталды
Сурет: facebook Сергей Алексеенок
АЛМАТЫ. 14 ҚАҢТАР - Алматының Жетісу және Наурызбай аудандарында профилактикалық және іздестіру шаралары жүргізілді. Бұл туралы Алматы қаласы комендатурасының ақпараттық орталығы мәлім етті.
 
Комендатура мәліметінше, арнайы операция барысында Жетісу және Наурызбай аудандары лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 2 159 қатысушысы ұсталды. 67 бірлік атыс қаруы мен 3 112 оқ-дәрі тәркіленді.
 

Өткен тәуілікте "102" пультіне 754 хабарлама келіп түсті. Комендатураның Колл-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап ететін 175 дабыл қабылданды. Барлық хабарламалар дер кезінде өңделді", - дейді Алматы қаласы комендатурасының ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

 
Сонымен қатар, ол тұрғындарды коменданттық сағатты бұзбауға шақырды.
 
 
Естеріңізге сала кетейік, жыл басында Маңғыстау облысында митингілер өтті. Тұрғындардың наразылығына сұйытылған мұнай газы бағасының екі есе өсуі себеп болды. Шерушілердің талаптары толығымен қанағаттандырылды. Кейін Қазақстанның әр өңірінде митингілер өтті. ҚР СІМ хабарлағандай, жағдайды лаңкестік, экстремистік және криминалдық топтар шиеленіс пен зорлық-зомбылықтың ушығуы үшін пайдаланды. Бірқатар аймақтарда ойран, өртеу және тонау басталды. ҚР-да 19 қаңтарға дейін төтенше жағдай жарияланды. Қалыптасқан жағдайда Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына көмек сұрап жүгінді, ол жағдайды тұрақтандыруға жәрдемдесу үшін жалпы саны 2 500 адамға жуық бітімгершілік күштерін жіберді.
 
Тәртіпсіздіктің салдарынан ең үлкен қала Алматы зардап шекті. Алматыда митингілер 5 қаңтарға қараған түні басталды, кейіннен олар тәртіпсіздіктер мен ойранға ұласты. Қатысушылар әкімшілік ғимараттарды, соның ішінде әкімдікті, телеарналар ғимараттарын өртеді. Жүзден астам көлік құралдары мен арнайы техника зақымданып, өртенді. Әуежай басып алынды. Сауда орталықтары, дүкендер, банк бөлімшелері, қару-жарақ дүкендері және басқа да нысандарға қарақшылар шабуыл жасап, тонап кетті. Мемлекет басшысы қаланың террористік шабуылға ұшырағанын айтты.
 
Ақпарат көзі: inform.kz
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны